RU

Алматыда блок-бекет маңында өз-өзіне қол салмақ болған аруды әскери құтқарып қалды

Алматыда Құрлық әскерлері әскери институтының курсанты өз-өзіне қол жұмсамақ болған бойжеткенді тоқтатты. Оқиға өзен бойындағы өткізу пунктінің жанында болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматыда бойжеткен бақылау-өткізу пунктінің маңында өз-өзіне қол салмақ болды
Фото: Алматылық гарнизонның баспасөз қызметі, көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Алматы гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4-курс студенті Мейрамбек Найсекенов қараңғыдан көпір таянышының ар жағында тұрған әйел адамға ұқсаған мүсінді байқаған.

Жас жігіт бойжеткенге көмектесуге асыққан. Уақытылы әрекет еткен курсант аруды қолынан ұстап, таяныштан тартып шығарған.

Содан кейін өз-өзіне қол сала жаздаған ару көпірден алыс жерге әкеткен. Курсант рация арқылы командирлермен байланысқа шығып, оқиға жайлы баяндаған.

Әскери қызметкер бойжеткенді сабырға шақыра бастаған.

Әңгіме барысында оның жігітімен айырылысып кеткені үшін өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталды.

Атап өтілгендей, бойжеткеннің жолы болған. Ол өзін құтқарып қалған курсанттың арқасында аман қалған.

Ал қаһарман жігіт, өз кезегінде тек қызметін атқарғанын айтады. Мейрамбек өзінің орнында еліміздің кез келген азаматы осылай әрекет етер еді деген ойда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тағы бір әскери институттың курсанттары өзімен бірге граната ұстап жүрген алматылық азаматты ұстаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850094-almatyda-blok-beket-maynda-z-zine-kol-salmak-bolgan-arudy-skeri-ktkaryp-kaldy.html