Выйти
RU

"Вирус табылмады": Желіде бір-бірін құшақтап жылаған әйелдердің видеосы тарады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Теңіз кеніші вахта қалашығында COVID-19 инфекциясы анықталған адамның әріптестерінен коронавирус табылмады. Желіде қуаныштан жылап жіберген әйел адамдардың видеосы тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақ жайық басылымына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/Ақ жайық

Видеодан кадр/Ақ жайық

Басылым мәліметінше, бейнежазбадағы нәзік жандылар вахта қалашығында вирус жұқтырған әріптесімен байланыста болған.

Барлығы тексеруден өтіп, сынама теріс нәтиже көрсеткен.

Видео кадрынан қуанышты хабарды естіген әйел адамдардың бір-бірін құшақтап, жылап жүргені анық байқалады.

Облыс әкімдігі жанынан құрылған төтенше жағдай режимін сақтау штабы бұл видеоға қатысты пікір білдірді.

"Әйелдер төтенше жағдай және карантинге байланысты қабылданған санитарлық талапты бұзып, оқшаулау орнынан шығып, медицина қызметкерлерінің талабына бағынбаған", - деді ведомство.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 802-ге жетті.

Олардың 45-і Атырау обылсында тіркелген.

Сондай-ақ, 63 адам COVID-19 инфекциясынан жазылып шықса, 9 адам қайтыс болды.

Еске сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты елімізде Төтенше жағдай режимі 30 сәуірге дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Вирус табылмады": Желіде бір-бірін құшақтап жылаған әйелдердің видеосы тарады