Выйти
RU

Тоқаев: Індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Оның барысында мемлекет басшысы елдегі ТЖ режимін созу шешімін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/Берік Уәли

Фото: Facebook/Берік Уәли

"Біз коронавирустың таралуын барынша бәсеңдету үшін қажетті шараларды дер кезінде қабылдадық.

Мен 15 наурызда алғашқы науқастар белгілі болған сәттен бастап төтенше жағдай жарияладым.

Бірден екі ірі қаламызда карантин режимі енгізілді.

Шын мәнінде, қазір – бүкіл әлем жұртшылығы үшін сын-қатерге толы уақыт.

Осындай күрделі кезеңде Елбасымыз арнайы мақала жариялады.

Бұл – халқымыздың еңсесін көтеретін өте мазмұнды, маңызды үндеу.

Береке-бірліктің арқасында Қазақстан бұл індетті артқа тастап, зор сеніммен алға басатыны айқын.

Бүгінде біз уақытында жүзеге асқан шұғыл шаралардың арқасында індеттің кең таралуына жол бермедік.

Мұны халықаралық қоғамдастық оң бағалап отыр.

Тұрғындарға және бизнеске қолдау көрсету мақсатында дағдарысқа қарсы нақты шаралар қабылдадық.

Азаматтарымызға көмектесу үшін бұрын-соңды болмаған көлемде қыруар қаржы бөлінді.

Көптеген мемлекеттер халқына осындай қолдау көрсете алған жоқ.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Үкімет сол қаражаттың сапалы әрі мақсатқа сай жұмсалуын қадағалауы тиіс.

Төтенше жағдай кезіндегі ең маңызды міндеттердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сондықтан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы белгіленді.

Қазір көктемгі егіс науқаны басталды. Бұл – өте маңызды жұмыс.

Сондықтан, үкімет және әкімдіктер осы жұмысты ерекше назарда ұстауы қажет.

Құрметті әріптестер!

Коронавирус пандемиясының зардабын бүкіл дүние жүзі тартып отыр. Бұл індет біздің еліміздің экономикасына да теріс ықпалын тигізуде. Сондықтан, қазіргі таңда осы дағдарысқа қарсы нақты шаралар қабылдап отырмыз.

Жалпы, бүкіл әлем коронавирусқа қарсы күн сайын емес, сағат сайын күрес жүргізіп жатыр. Әлем жұртшылығы айтып отырғандай, бұл дағдарыс – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болып тұрған ең ауқымды және аса қауіпті алапат.

Мен өз сөзімде айтып өттім. Біз карантин шараларының арқасында вирустың жаппай таралуын бәсеңдеттік.

Тұтастай алғанда, жағдай бақылауда.

Елорда мен Алматыдағы қазіргі жағдай тұрақты.

Бірақ, Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында ауруға шалдыққандардың саны күрт өсіп кетті.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Бұл атқарылған жұмыстардың жеткіліксіздігін және қосымша шаралар қабылдау қажет екенін көрсетеді.

Оңтүстік – халық тығыз орналасқан өңір. Сондықтан, індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз. 

Оған қоса, көктемгі егіс науқаны басталды. "Жұмыспен қамту жол картасы" бойынша бірқатар жобалар қолға алынады. Осындай уақытта елдегі эпидемиологиялық ахуалға айрықша назар аударуымыз керек. Бұл – аса маңызды міндет.

Мемлекеттік комиссия аймақтардағы карантин шараларының орындалуын қатаң бақылауға алуға тиіс.

Бұл ретте, полиция мен мемлекеттік органдардың іс-қимылдары тек қатаң шаралар түрінде емес, орынды әрі ақылға қонымды болуы қажет. Жөнсіз әрекеттерге жол берілмеуі тиіс.

Медицина қызметкерлерінің індетті жұқтырып жатқаны алаңдатып отыр.

Ауруға шалдыққан бес адамның біреуі – медицина қызметкері.

Бұған жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі және қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болуда.

Дәрігерлеріміз онсыз да жетпей жатқанда, бұған мүлдем жол беруге болмайды.

Науқастарды емдейтін медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын ерекше бақылауға алу керек.

Олар жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілуі тиіс.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік кезінде әйел адамдар не істеуі керек?

Сондай-ақ, дем алатын және уақытша тұратын жерлерін де мұқият ойластырған жөн.

Келесі мәселе. Су тасқыны кезеңін тұрақты бақылауда ұстаған жөн.  

Әсіресе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында осындай қауіп бар.

Әкімдер тиісті министрліктермен бірлесіп, ұдайы мониторинг жүргізуді және жедел әрекет етуді ұйымдастыруы тиіс.

Тіпті, ең дамыған елдер де өздерінің олқы тұстары мен кемшіліктерін көріп, қорытынды жасап жатыр десем артық емес.

Өйткені, пандемияға ешкім де дайын болған жоқ.

Бұрын-соңды болмаған ауыр дағдарыстан біздің халқымыз ширап, жаңа кезеңге бейімделіп шығатынына сенімдімін. Қазақстан міндетті түрде осы қиындықты еңсеріп, тұрақты және сапалы өркендеу жолына түседі.

Жалпы, дағдарыс бұл еліміздің келешегі мен оның алдағы дамуы туралы терең ойлануға мүмкіндік береді. Сондықтан, бәріміз бір ел болып белсенді жұмыс жүргізуіміз керек" , - деді президент.

Еске сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ТЖ режимі 30 сәуірге дейін ұзартылғанын хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев: Індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз