Выйти
RU

UFC 249 турнирі 18 сәуір күні өтпейтін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

18 сәуір күнге жоспарланған UFC 249 жекпе-жек кеші өтпейтін болды. Бұл туралы UFC басшысы Дана Уайт мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости порталына сілтеме жасап.

UFC 249 турнирі 18 сәуір күні өтпейтін болды

Фото: Esther Lin, MMA Fighting

"Біз басынан турнирді ұйымдастыру үшін жанталасқан болатынбыз. Бүгін бізге ESPN басшылығынан қоңырау келіп түсті, бізден турнирді келесі сенбі күні өткізуден бас тартуды өтінді", – деді Дана Уайт.

Сондай-ақ, ол UFC-пен келісімшарт жасасқан спортшылардан қаржылай мәселе жағын алаңдамауын сұрады. Дана Уайт жекпе-жек алдағы уақытта өтетініне сөз берді.

Айта кетейік, Нью-Йорктегі кештің басты қаһармандары ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсон болуы керек еді.

Алайда сәуір айының басында ресейлік файтер коронавирус пандемиясына байланысты басын қатерге тіккісі келмейтіндіктен кездесудің болмайтынын мәлімдеген еді.

Осылайша бұл кездесу болмайды деп шешілген еді.

Таяуда Дана Уайт та ресейлік спортшының турнирге қатыспайтынын растап, оның орнына Фергюсонмен кімнің жекпе-жекке шығатынын желідегі парақшасында жариялаған болатын.

36 жастағы спортшының қарсыласы ретінде өзінің 31 жастағы отандасы Джастин Гэтжи таңдалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
UFC 249 турнирі 18 сәуір күні өтпейтін болды