Выйти
RU

"Дүрбелеңге бой алдыруға болмайды": Қызылорда облысында карантин күшейтілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 104 науқас тіркелген. Осыған байланысты өңірдің бас санитар дәрігері карантин режимі күшейтілегенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Өңірде карантин 22 сәуірге дейін ұзартылды.

Облыс тұрғындарына көшеге бетпердесіз шығуға тыйым салынған. 13-ке толмаған балалар мен 65-тен асқан адамдарға үйден шығуға болмайды.

Елді мекендерде тек жұмысқа, дүкенге және қоқыс шығару үшін ғана далаға шығу рұқсат етіледі. Жұмыс беруші қызметкерлерді тиісті анықтамамен қамтамасыз етуі керек.

Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов тұрғындарды дүрбелеңге бой алдырмауға шақырды.

"Өңірде коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты кейбір тұрғындар қалыптасқан жағдайды түсінбей жатыр. Енді бірі қорқып отыр. Дүрбелеңге бой алдыруға болмайды. Біз коронавирус жұқтырғандарды анықтау жұмысын белсенді түрде жүргізіп жатырмыз", - деді ол.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 802-ге жетті. Олардың 104-і Қызылорда облысында тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Дүрбелеңге бой алдыруға болмайды": Қызылорда облысында карантин күшейтілді