Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42,500 теңге: Тоқаев төлем карталарын қашықтан алу мәселесін 3 күн ішінде шешуді талап етті

Опубликовано:

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы кезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем жайлы да сөз етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылып, 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалған азаматтарды қолдау мәселесі де мемлекет басшысының назарынан тыс қалған жоқ. Әлеуметтік жәрдемақы алуға 1,7 миллион азамат өтініш білдірген.

"Әлеуметтік көмек көрсету механизмдерінің дайындығы өз деңгейінде емес екенін мойындауымыз керек. Тиісті ведомство мен араласқаннан кейін ғана жедел шешімдер қабылдай бастады. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың түсіндіру жұмыстары өз нәтижесін бермеді.
Бұл халықтың мәселені әрқалай қабылдап, азаматтар арасында түсінбеушіліктерге және жергілікті жерлерде шатасуларға әкеп соқтырды. Адамдар өз бастарын тәуекелге тігіп, банктерден есеп ашу және бірыңғай әлеуметтік төлем төлеу үшін кезекте тұруға мәжбүр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған байланысты президент үкіметке азаматтардың үйінен шықпай-ақ мемлекеттен көмек алудың тетіктерін жедел әзірлеп, оны барлық бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялауды тапсырды.

Сондай-ақ төлем карталарын қашықтан алу мәселесін 3 күн ішінде шешуді талап етті.

"Азаматтар бұл көмектің Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық қиындықтарға тап болған адамдарға ғана берілетінін түсінуі керек. Сондықтан бұл қолдауды табыс көзі жеткілікті адамдардың негізсіз алуын тоқтату қажет. Осындай әрекеттерге барған алаяқтарды, арам пиғылды адамдарды қоғамның назарынан жасырмай, ашық айыптау керек", – деді президент.

Еске сала кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге алу үшін арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ екенін, ақша кез келген карточкалық есепшотқа аударылатынын айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850145-42500-tege-tokaev-tlem-kartalaryn-kasyktan-alu-mselesin-3-kn-isinde-sesudi-talap-etti/

pixel