Выйти
RU

Елдегі Төтенше жағдай кезінде кейбір мекемелерге жұмыс істеуге рұқсат етіледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін мемлекет басшысы еліміздің мегаполистерінде төтенше жағдай мен карантин режимінің ұзартылатыны туралы мәлімдеді. Алайда қаладағы кейбір кәсіпорындарға жұмысқа шығуға рұқсат етілмек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Президент қазіргі уақытта ұлт денсаулығы басты назарда екенін айтты.

Егер эпидемия жаппай таралса, онда тұтастай экономика мен бизнес маңызды болмай қалады.

Дегенмен Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, тоқтап қалған шағын және орта бизнеске көмек көрсету қажет. Бұл мәселемен әкімдіктер үкіметпен бірлесе отырып айналысуы қажет.

Мемлекет басшысы бұны екі ірі қаладан бастау туралы кеңес берді.

"Иә, өмірді жандандыру керек. Бірақ біздің алдымызда екі міндет тұр. Біріншісі азаматтардың денсаулығы үшін карантин ережелерін сақтау, сонымен қатар кәсіпорындарды жұмысқа шығару", - деді Тоқаев.

Жұмысқа орала алатын кәсіпорындардың тізімін жергілікті әкімдіктер дайындауы керек.

Бірақ жұмыс істеуге рұқсат беру кезінде билік, ең алдымен, жұмыс берушілердің қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау қабілетіне назар аударады, ал жұмысшылар жұмыс орнындағы ұсынылған қашықтықты сақтау керек.

Бұл кәсіпорындардың барлығын құзырлы мекемелер тексереді.

"Ашық айту керек: Біз тәуекелге барып отырмыз. Бірақ бұдан басқа жол жоқ", - деген президент мекемелердің жұмысын жандандыруға байланысты қалалар мен облыстардың әкімдеріне үлкен жауапкершілік артылатынын айтты.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Сонымен қатар, мемлекет басшысы карантинді қатаң сақтау, соның ішінде оқушылар мен студенттерді қашықтан оқыту, балабақшалар – бәрі сол күйінде қала беретінін жеткізді.

Президент қазір әкімдік пен үкіметтің бірігіп жұмыс жасауының маңызды екенін де айта кетті.

Еске сала кетсек, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Оның барысында мемлекет басшысы елдегі ТЖ режимін созу шешімін түсіндірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елдегі Төтенше жағдай кезінде кейбір мекемелерге жұмыс істеуге рұқсат етіледі