Выйти
RU

Коронавирус жұқтырған қазақстандық дәрігерлердің жағдайы қалай

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова коронавирус жұқтырған дәрігерлердің жағдайын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ембергенованың сөзінше, бүгінде Қазақстанда 120 медицина қызметкері инфекцияны жұқтыруына байланысты ем алып жатыр.

"Олардың да жағдайын инфекционистермен, пульмонологтармен және қарқынды терапевтермен бақыланып отыр. Жағдайлары қанағаттанарлық деп бағаланады. Олар тұрақты бақылауымызда тұр", - дейді Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры.

Осы ретте Қазақстанға көмек көрсетуге келген ҚХР ШҰАР Халықтық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Лу Чэнь өз елінде коронавирус жұқтырып алған дәрігерлер туралы айта кетті.

"Қытайда 3 387 медицина қызметкері ауырды. Олардың 90 пайызы - Ухань қаласының тұрғындары, сол қаланың медицина қыметкерлері. Бұл қызметкерлер індет ушығып тұрған сәтте жұқтырып алған. Біз медицина қызметкерлерін оқыту, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету арқылы күрестік. Осындай шаралар қабылданғаннан кейін дәрігерлер арасында індет жұқтыру жағдайлары өте аз болды. Бұл жақсы нәтиже берді", - дейді Лу Чэнь.

Айта кетейік, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында президент елде медицина қызметкерлерінің коронавирусты жұқтырып жатқанына алаңдаушылық білдіріп, бұған жол беруге болмайтынын айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус жұқтырған қазақстандық дәрігерлердің жағдайы қалай