Выйти
RU

Елімізде коронавирус жұқтырған 17 науқастың жағдайы ауыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус жұқтырған 17 науқастың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекованың айтуынша, қазіргі уақытта стационарлық емді 712 пациент қабылдап жатыр.

Маманның сөзінше, Алматыда бір науқастың жағдайы аса ауыр, еліміз бойынша тағы 17 науқастың жағдайы ауыр деп бағалануда. Сонымен қатар 107 адамның жағдайы орташа ауыр деңгейде.

Жалпы коронавирус жұқтыру жағдайларының 80 пайызында яғни 587 науқаста ауру жеңіл түрде өткен.

Министрлік өкілі осыған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтармен байланыста болған 21 мыңға тарта азамат анықталғанын да атап өтті.

"Олардың 99 пайызы анықталып, табылып, оқшауланды. Аурудың тіркелу қарқыны бүкіл елде карантин тәртібі енгізілгелі бері 29 наурыздағы 29 пайыздық деңгейдегі жағдаймен салыстырғанда 7 пайызға дейін төмендеді. Бұл жағдай қатаң карантин шараларының тиімділігін көрсетеді", - дейді ол.

Жақселекова, соңғы күндері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирус жұқтыру жағдайлары айтарлықтай төмендегенін де айта кетті. Бұл да шектеу шараларының күшейтілуімен тікелей байланысты болып отыр екен.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 802-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде коронавирус жұқтырған 17 науқастың жағдайы ауыр