RU

Коронавирус: Алматыда тағы бір адам көз жұмды

Еліміздің оңтүстік астанасында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір науқас қайтыс болды. Бұл - бүгін, 10 сәуір күні тіркелген екінші өлім жағдайы. Марқұмның 1963 жылы дүниеге келгені анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус: Алматыда тағы бір адам көз жұмды
Көрнекі фото: sputniknews.kz: Getty Images

Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.

"Қазақстандағы 2020 жылғы 10 сəуір сағат 20:15-тегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы:

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 6 адам тіркелді, олардың ішінде: Алматы қ. – 1, Павлодар облысы – 1, Қызылорда облысы – 1, Атырау облысы – 2, Түркістан облысы – 1.

Алматы қаласында коронавирус инфекциясының салдарынан 1 адам қайтыс болды.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 808 адам анықталды.

Олардың ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласы – 226,

Алматы қаласы – 123,

Қызылорда облысы – 105,

Ақмола облысы – 61,

Қарағанды облысы – 61,

Атырау облысы – 47,

Жамбыл облысы – 45,

Түркістан облысы – 35,

Шымкент қ. – 31,

СҚО – 25,

Ақтөбе облысы – 11,

Алматы облысы – 10,

Маңғыстау облысы – 9,

ШҚО – 6,

БҚО – 6,

Павлодар облысы – 4,

Қостанай облысы – 3.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850164-koronavirus-almatyda-tagy-bir-adam-kz-zmdy.html