Выйти
RU

42 500 мың теңге 600 мыңнан астам Қазақстан азаматына тағайындалған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы күнге жоспарланған төлемдердің саны туралы хабарлады. Бүгінгі күнге 600 мыңнан астам адамға 42 500 мың теңге тағайындалған, әлеуметтік төлемге өтініштер қабылдау жалғасып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

42 500 мың теңге 600 мыңнан астам адамға тағайындалған

Фото: NUR.KZ

Қазірге дейін төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғандарға арналған 42 500 теңге көлеміндегі төлемге өтініш бергендер саны – 1,8 млн. 615 мыңнан астам адамға төлем тағайындалды.

Министрлікте қазақстандықтардан өтінішті тек бір-ақ рет қана берулерін сұрады. Себебі 3,5 млн өтініштің жартысынан көбі қайталай берілген.

Айта кетейік, 42 500 теңге әлеуметтік көмекке қатысты Тоқаев төлем карталарын қашықтан алу мәселесін 3 күн ішінде шешуді талап етті.

Еске сала кетсек, қазақстандықтар 42 500 теңге алу үшін қайтыс болған жандардың атынан өтініш бергенін жазған болатынбыз.

Одан өзге, министр банк қарызы барлардың берешегін 42500 теңгеден ұстап қалуға құқығы жоқ екенін кесіп айтты.

Оған қоса, Біржан Нұрымбетов онлайн брифингте 42 500 теңге алу үшін банктер арнайы есепшот ашуды талап ете алмайтынын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
42 500 мың теңге 600 мыңнан астам Қазақстан азаматына тағайындалған