Выйти
RU

808 жағдай: Елімізде вирус жұқтырған тағы 6 науқас туралы деректер анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирус жұқтырудың тағы 6 дерегі расталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 808-ге жетті. COVID-19 инфекциясынан 10 қайғылы жағдай тіркелді, қатерлі дертті 64 адам жеңіп шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

808 жағдай: Елімізде коронавирус жұқтырудың тағы сегіз дерегі тіркелді

Фото: pixabay.com

Қазіргі деректерге сәйкес, Атырау облысында – 2, Түркістан облысында – 1, Қызылорда облысында – 1, Павлодар облысында 1 жағдай тіркелген.

Атырау облысындағы екі науқас бұрын індет жұқтырғандармен байланыста болған.

Ал Арыс қаласының тұрғыны вирус жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған.

Қызылорда облысында вирус жұқтырған 1971 жылы туған Сырдария ауданы, Амангелді ауылының тұрғыны мен Павлодар облысында тіркелген 1996 жылы туған тұрғын КВИ жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған көрінеді, кейін нәтижесінде COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Жаңа індетке шалдққандармен байланыста болған тағы 88 адам анықталып, барлығы оқшауланды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы – қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Айта кетейік, Алматы қаласында коронавирус ауруынан тағы бір адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
808 жағдай: Елімізде вирус жұқтырған тағы 6 науқас туралы деректер анықталды