Выйти
RU

Қызылордада 45 адам коронавирус жұқтырған ауылдың айналасын қазып тастаған (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округінің орталығы Шеген Қодаманов ауылы эпидемия ошағына айналды. Еліміздегі ауылдардың ішінде қатерлі вирусты ең көп жұқтырған осы елдімекен тұрғындары екені белгілі болды. Ауыл тұрғындарының қазіргі халі қалай? Тиісті мекеме өкілдері не дейді? Бұл сұраққа KAZ.NUR.KZ azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап жауап береді.

Фото: Азаттық рухы

Фото: Азаттық рухы

Қодаманов ауылында 3092 адам өмір сүреді. Елдімекен аудан орталығы – Шиелі кентінен шығысқа қарай 14 шақырым жерде орналасқан. Ауылда  800 балаға арналған орта мектеп, клуб, кітапхана және фельдшерлік-акушерлік пункт бар.

Қызылорда өңірі елде COVID-19 вирусын жұқтыру бойынша 3- орынға шықты. Көрсеткіш бойынша Алматы қаласын өкшелеп келе жатқан облыста қазір 104 адамнан инфекция анықталды. Аймақта, оның ішінде Шиелі ауданының өзінен ғана дәл осы кезде 55 науқас тіркелді.

Фото: Азаттық рухы

Фото: Азаттық рухы

Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметовтің айтуынша, Балаби ауылынан 6 адам, Ортақшыл ауылы 1 адам, Жиделі аулынан 1 адам, Шиеліден (аудан орталығы - авт.) 2 адам, ал Қодаманов ауылынан 45 адамнан вирус шыққан.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

"Төңкеріс ауылдық округінің орталығы Қодамнов ауылы жеке карантинге алынды. Барлық азаматтардың үйден шықпауын қатаң қадағалап отырмыз. Азық-түлікпен, қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін әкімшілік айналысып жатыр. Сол жерде қарым-қатынаста болған азаматтардың барлығын стационарға оқшауладық. Олардың саны 122 адам. Барлығынан тест алынып, қазіргі уақытта 45-і  коронавирустан ем алып жатыр. Оның ішінде, Қызылорда қаласындағы инфекциялық ауруханаға індетті ауылға алып келген қыз бен оның отбасы мүшелері жеткізілді", - дейді   Ж. Әбдусәметов.

Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Әмитов Қодаманов ауылының айналасы түгелдей қазылып жатқанын айтады. Ол ауыл тұрғындарының басқа жолдармен кіріп-шығуының алдын алу үшін жасалып жатқан шара екен. Ал негізгі екі жолға блок-бекет қойылды. Ауылды 14 полицияның жеке құрамы, 10 арнайы жасақ күзетіп тұр.

Фото: Азаттық рухы

Фото: Азаттық рухы

"Ауылға кіріп-шығатын түрлі жол бар. Солардан ел шығып кетпес үшін айналдыра қаздырып жатырмыз.  Ал ауылдың ішіндегі тұрғындардың үйден кіріп-шықпауын бақылау үшін 4 полиция экипажы патрульдік қызмет атқарып жатыр. Олар дыбыс күшейткіш құрылғымен ауылды аралап, түсіндіру шараларын жүрігізеді. Одан бөлек, Қорғаныс министрлігіне қарасты 20 әскери қызметкер дезинфекция шараларын жүргізу үшін Шиелі ауданында жұмыс істеп жатыр", - дейді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Жалпы, Қызылорда облысында науқастармен қатынаста болғандардың бүгінгі күнге дейін анықталғаны –1 144 адам. Олардың ішінде тығыз қатынаста болған 471 адам ауруханаға карантинге жатқызылса, 673 адам үйден бақылауға алынған.

Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтында Ұлттық сараптама орталығына бүгінге дейін 1 634 сынама жолданғаны, оның 92-і оң, 1 410-ы теріс нәтиже көрсеткені, қалған 132 сынаманың нәтижесі күтілуде екені жазылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылордада 45 адам коронавирус жұқтырған ауылдың айналасын қазып тастаған (фото)