Выйти
RU

Қазақстанда қауіпті індетке шалдыққандар саны 812-ге жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 науқас анықталды. Осылайша елімізде қауіпті дертке шалдыққандар саны 812 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 812-ге жетті

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы мемлекеттік комиссияның жедел штабы мәлім етті.

"Қазақстандағы 2020 жылғы 10 сəуір сағат 22:30-дағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы:

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам тіркелді, олардың ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Жамбыл облысында – 1, Атырау облысында – 1 адам.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 812 адам анықталды.

Олардың ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласы – 228,

Алматы қаласы – 123,

Қызылорда облысы – 105,

Ақмола облысы – 61,

Қарағанды облысы – 61,

Атырау облысы – 48,

Жамбыл облысы – 46,

Түркістан облысы – 35,

Шымкент қ. – 31,

СҚО – 25,

Ақтөбе облысы – 11,

Алматы облысы – 10,

Маңғыстау облысы – 9,

ШҚО – 6,

БҚО – 6,

Павлодар облысы – 4,

Қостанай облысы – 3.

Айта кетейік, бүгін елімізде осы қауіпті індет салдарынан екі өлім жағдайы тіркелді. Марқұм болған екі науқас та Алматы қаласында емделгені анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда қауіпті індетке шалдыққандар саны 812-ге жетті