Выйти
RU

Павлодар облысының экс-әкімі Бақауовтың үйқамақта отыру уақыты созылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мұндай шешім 10 сәуір күні Павлодар тергеу сотында қабылданды. Болат Бақауовтың үйқамақ уақытын ұзарту туралы өтінішхатты жедел тергеу тобының басшысы сұраған болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодар облысының экс-әкімі Бакауовтың үйқамақта отыру уақыты созылды

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Облыстық сот жедел топтың басшысы өтініш жібермес бұрын алдымен бұл шешімді Қазақстанның Бас прокуратурасымен келіскенін айтты.

Сонымен бірге Болат Бақауовтың үй қамауында тағы бір ай отыруын сұраған.

"Сот үкімімен қамау уақытын 2020 жылдың 13 мамырына дейін ұзарту туралы өтінішхаты мақұлданды", – деп пікір білдірді Павлодардағы облыстық соттың баспасөз хатшысы.

Еске сала кетсек, 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады. Павлодар аймағының экс-әкімі лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған болатын.

Кейін сот отырысында тергеу амалдары кезінде шенеуніктің өз туысы төлемеген 200 млн салық көлемін 5 миллионға дейін қысқартып беруге көмектесуге әрекет жасағаны анықталды.

Кейін облыс әкімі болып Әбілқайыр Сқақов тағайындалды. Жаңа әкім тұтқындалған Болат Бақауовқа қатысты пікір білдірген болатын.

Айта кетейік, үйқамаққа алынған Болат Бақауовқа қандай шектеу қойылғаны жайлы жазған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Еске салсақ, бұған дейін сот Бақауовтың үйқамаққа алыну себебін түсіндіргенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодар облысының экс-әкімі Бақауовтың үйқамақта отыру уақыты созылды