RU

Елде коронавирус жұқтырған тағы 28 адам тіркелді

Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған адам саны 840-қа жетті. Бүгін тағы 28 адамнан коронавирус анықталған хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Қазақстандағы коронавирус бойынша 11 сәуір сағат 10:00-дегі эпидемиологиялық жағдай: Вирус жұқтырған 28 адам Нұр-Сұлтан (1 адам), Алматы қаласы (5 адам) мен Атырау (11 адам), Қызылорда (11 адам) облыстарында анықталып отыр.

Осы сағатта:

Нұр-Сұлтан қаласы – 229

Алматы қаласы – 128

Шымкент қаласы – 31

Ақмола облысы – 61

Ақтөбе облысы – 11

Алматы облысы – 10

Атырау облысы – 59

Шығыс Қазақстан облысы – 6

Жамбыл облысы – 46

Батыс Қазақстан облысы – 6

Қарағанды облысы – 61

Қостанай облысы – 3

Қызылорда облысы – 116

Маңғыстау облысы – 9

Павлодар облысы – 4

Солтүстік Қазақстан облысы – 25

Түркістан облысы – 35.

Барлығы 840 пациент. Олардың 64-і жазылып шықса, 10 адам қайтыс болды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты 15 сәуірге дейін жарияланған Төтенше жағдай 30 сәуірге дейін ұзартылды.

Мемлекет басшысының сөзінше, коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Сондықтан індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды.

Президент осы себепке байланысты елдегі төтенше жағдай мен карантин режимін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырғанын түсіндіріп өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850196-elde-koronavirus-zktyrgan-tagy-28-adam-tirkeldi.html