RU

Air Astana сәуірдің аяғына дейін әуе рейстерін орындамайтынын хабарлады

Air Astana әуе компаниясы төтенше жағдай мерзімі ұзартылуына байланысты 2020 жылғы сәуірге жоспарланған әуе рейстерін орындамайтынын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/airastanakazakhstan
Фото: facebook.com/airastanakazakhstan: Depositphotos
"Air Astana әуе компаниясы төтенше жағдай мерзімі ұзартылуына байланысты 2020 жылғы сәуірге жоспарланған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына/қалаларынан ішкі және халықаралық рейстер орындалмайтыны туралы хабарлайды.
Орындалмайтын рейстерге билет алған жолаушылар өз сапарының күнін не бағытын өзгерту үшін әуекомпаниясының Брондау және ақпарат орталығына байланысулары тиіс.
2020 жылғы 31 мамырға дейін және бастапқы ұшып кету уақытына 48 сағат қалғанға дейін рәсімделген қайта брондаудан ақша ұсталмайды, тек жаңа сатып алынған билеттер ақысының айырмасы шегеріледі не өтеледі.
Брондау және ақпарат беру орталығына Air Astana сайтындағы  Live Chat арқылы немесе call.center@airastana.com поштасына хат жазып байланысуға болады. 2020 жылғы 16 наурыздан 30 сәуірге дейінгі аралыққа сатып алынған билеттердің толық құнын қайтарып алу үшін де әуекомпаниясының сайтындағы үлгіні толтыру керек.
30 сәуірге дейін орындалмайтын рейстерге билеттерді қайта брондау немесе қайта өткізу жөніндегі сауалдардың бәрі кезекпен өңделетініне кепілдік береміз", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ел аумағында енгізілген шектеу шараларына байланысты Air Astana компаниясы орындайтын халықаралық рейстер 2020 жылғы 1 сәуірден, ал ішкі рейстер 22 наурыздан бастап тоқтатылған болатын.

Сонымен қатар компания 29 наурыздан бастап барлық халықаралық репатриациялық рейстерді тоқтатты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850209-air-astana-suirdi-aagyna-dejin-ue-rejsterin-oryndamajtynyn-habarlady.html