Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда коронавирус жұқтырған 14 адамның 12-сі медицина қызметкерлері

Опубликовано:

Алматыда бүгін СOVID-19 инфекциясы анықталған 14 адамның 12-cі медицина қызметкерлері. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Justin Sullivan/Getty Images
Фото: Justin Sullivan/Getty Images: Twitter

Вирус жұқтырып алған 12 ақ халаттының екеуі дәрігер, 10-ы медбике.

"Өкінішке орай, жұқтырған жағдайлардың арасында халыққа медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым қызметкерлерінен пациенттер тіркелген. Біз халықтан үрейленбеуді сұраймыз! Осы санаттағы адамдар карантинге қарамастан өздерінің лауазымдық міндеттерін атқарды (...).
Олар емделуші оған мұқтаж болған кез келген жағдайда көмек көрсетті. Олар кез келген адамнан, оның ішінде ауру белгісі жоқ тасымалдаушыдан жұқтыруы мүмкін.
Қазіргі уақытта эпидеомологиялық тергеу жүргізілуде. Жағдай қаланың жедел штабының бақылауында. Инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша белгілі бір шаралар жүргізілуде. Олармен байланыста болған барлық адамдар іздестіріліп, карантинге орналастырылады", - дейді Тілеухан Әбілдаев.

Айта кетейік, 11 сәуірде СOVID-19 инфекциясы анықталған тағы екі пациенттің бірі бұған дейін вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 2000 жылы туған жас жігіт, ал екіншісі Куалу-Лумпур рейсімен ұшып келген 24 жастағы бойжеткен. Ол стационарда болған.

Жалпы 14 адамның екеуінің жағдайы полисегментті пневмонияға байланысты ауыр деп бағаланып отыр. Қалғандарының жағдайы-қанағаттанарлық.

Соңғы мәліметтер бойынша елде коронавирус жұқтырудың 859 жағдайы тіркелсе, оның 137-і Алматыда анықталып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850217-almatyda-koronavirus-zktyrgan-14-adamny-12-si-medicina-kyzmetkerleri/

pixel