Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда COVID-19-дан жазылғандар саны 80-нен асты

Опубликовано:

Елімізде тағы 17 адам коронавирустан емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны 81-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Бүгін 11 сәуірден коронавирустан емделіп шыққан 3 адам Нұр-Сұлтан қаласында, 9 адам Алматы қаласында, 2 адам Шымент қаласында, 2 адам Жамбыл облысында тағы бір адам Қарағанды облысында тіркелген.

Соңғы мәліметтер бойынша елде коронавирус жұқтырудың 859 жағдайы тіркелген. COVID-19-дан жазылып шыққандар саны 81-ге жетсе, 10 адам індеттен қайтыс болды.

Сондай-ақ, бүгін Алматыда 12 медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олардың екеуі дәрігер, 10-ы медбике.

Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты 15 сәуірге дейін жарияланған Төтенше жағдай 30 сәуірге дейін ұзартылды.

Мемлекет басшысының сөзінше, коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Сондықтан індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды.

Президент осы себепке байланысты елдегі төтенше жағдай мен карантин режимін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырғанын түсіндіріп өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850221-kazakstanda-covid-19-dan-zazylgandar-80-ge-zuyktady/

pixel