Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ кезінде көшірумен айналысқан түлектердің жинаған ұпайы жойылады

Опубликовано:

ҰБТ аяқталғаннан кейін тестілеу кезіндегі видеоматериалдар біраз уақыт бойы тексеруден өткізіліп, көшірумен айналысқан түлектердің жинаған ұпайы жойылады. Бұл туралы "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директорының орынбасары Наужан Дидарбекова мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos
"Осы жылдағы тағы бір жаңалығымызға тоқталсақ, Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталғаннан кейін бізде аудиториялардағы видеоматериалдарға талдау жасалады. Егер осы бейнежазбалар барысында тестіленушінің тыйым салынған затты (смартфон және өзге де құрылғылар) пайдаланғанын анықтасақ, оның тестілеу нәтижесін (сертификатты) жоятын боламыз.
Атап айтқанда, ол білім беру грантының конкурсына қатысып, грант алған жағдайда, оның конкурс нәтижелерін жою мүмкіндігі бар", - дейді Наужан Дидарбекова.

Осы орайда Ұлттық тестілеу орталығының өкілі ҰБТ тапсыру кезінде барша түлектерді ашық әрі адал болуға шақырды.

Айта кетейік, биыл елімізде енгізілген төтенше жағдайға және оқушылардың қашықтан оқу жүйесіне ауысуына байланысты 9 (10) сынып оқушылары қорытынды аттестаттау емтихандарын, ал 11 (12) сынып оқушылары мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырмайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850228-bt-kezinde-ksirumen-ajnalyskan-tlekterdi-zinagan-pajy-zojylady/

pixel