Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткен Джек Маға алғыс айтты

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге коронавирус пандемиясы кезінде гуманитарлық көмек жіберген танымал қытайлық кәсіпкер және филантроп Джек Маға өз алғысын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда: UGC

Мемлекет басшысы әйгілі кәсіпкерге өз алғысын айтып, Twitter желісіндегі ресми парақшасында жазба жариялаған. Онда президент ел басына түскен қауіпті індет кезінде мемлекетке өз көмегін тигізген Alibaba Group негізін қалаушысы Джек Маға ағылшын тілінде алғысын айтқан.

Тоқаев күллі әлемге танымал бизнесмен мен "халқымыздың жақсы досына" Қазақстанға жасаған аса маңызды гуманитарлық көмегі үшін алғысын аямаған.

Президенттің сөзінше, Джек Ма өзінің игі пиғылымен қазіргі таңдағы ауыр жағдай кезінде ниеттестікті бағалау керектігін көрсетті.

Мемлекет басшысы жазбасының соңында коронавирус пандемиясына орай туындаған қиындықтарды бірге еңсеріп шығатынымызға сенім білдірді.

Еске сала кетейік, Қытайдағы ең бай адам Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберген болатын. Коронавирус салдарынан орын алған жағдайда қол үшін созған кәсіпкердің заттары елімізге 10 сәуір күні келіп жетті. Джек Ма алдымен мемлекетке жеке қорғаныс құралдарының бірнеше тоннасын жіберген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850255-tokaev-kazakstanga-gumanitarlyk-kmek-krsetken-dzek-maga-algys-ajtty/

pixel