Выйти
RU

Алматыда ауыр халде болған екі науқастың жағдайы жақсара бастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда коронавирус салдарынан ауыр халде болған екі науқастың жағдайы жақсара бастады. Бұл туралы оңтүстік астанадағы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Науқастардың бірі 46 жастағы азаматша ауруханаға үшінші наурыз күні келіп түскен. Оған "СOVID-19 бойынша расталған оқиға, ауруханадан тыс екі жақты полисегментарлық пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі" диагнозы қойылған. Әйел адамды азғантай физикалық жүктеменің өзінде бірден күшейе түсетін демікпе, жөтел мен әлсіздік мазалаған.

Екіні науқас 1955 жылы туған. Ол да ауруханаға дәл осы белгілер бойынша жүгінген.

Емхананың жансақтау бөлімінде екеуіне де коронавирус инфекциясын емдеу хаттамасына сәйкес вирусқа қарсы және антибактериялық терапия жасалған.

Оған қоса, оксигенотерапия, инвазивті емес ӨЖВ, кеуде қуысының аппаратты вибромассажы сияқты емдік шаралар іске асырылды.

"Емдеу барысында оң динамика көрсеткен науқастардың жағдайы жақсарып, демікпе мен әлсіздіктің азаюына байланысты олар жай палатаға ауысты" , - деді басқарма басшысы Тлеухан Әбілдаев.

Еске сала кетейік, қазіргі таңда инфекциялық стационарда коронавирус анықталған 99 адам жатыр. Олардың арасында Алматы облысының бір тұрғыны бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда ауыр халде болған екі науқастың жағдайы жақсара бастады