Выйти
RU

Қазақстанның алты өңірінде дауылды алдын ала ескерту жарияланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, жексенбіде Қазақстанның алты облысында дауылды алдын ала ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

12 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысында таңертен тұман болып, күндіз секундына 15-20 метрге дейін жететін оңтүстік-шығыс жел соқпақ.

Петропавлда да күндіз секундына 15-20 метр болатын оңтүстік-шығыстан жел соғады деп күтілуде.

Қызылорда облысында бүгін найзағай болуы мүмкін. Күндіз батыстан және солтүстік-батыстан жел соқпақ.

Ақмола облысында жексенбі күні арасында тұман болады деп күтілуде. Бұл өңірде секундына 15-20 метрге дейін жететін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа өтетін жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында да тұман болмақ. Солтүстік-батыс желі секуныдна 15-20 метрге дейін жетеді.

Оралда күндіз солтүстік-батыс желі секундына 18 метрге дейін жетпек.

Атырау облысының батысында секундына 15-20 метр болатын қатты жел күтілуде. Атырауда күндіз батыс және оңтүстік-батыстан жел соқпақ. Ол секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

Түркістан облысында бүгін қатты жауын-шашын түсіп, найзағай орын алуы мүмкін. Оған қоса, өңірде мекундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Шымкентте таңретен және күндіз қатты жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр құрайтын жел соқпақ.

Түркістанда оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады деп күтілуде.

Айта кетейік, ертеңнен бастап Павлодар облысы карантинге жабылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанның алты өңірінде дауылды алдын ала ескерту жарияланды