Выйти
RU

Такси жүргізушілері карантинге жабылған Алматыдан адамдарды шығарған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы полициясы жекелеген такси жүргізушілерінің жолаушыларды карантин аймағынан заңсыз шығарып жүрген схемаларын анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pxhere.com

Көрнекі фото: pxhere.com

Бұл бастамашыл топта: Алматы және Алматы облысының шекарасында орналасқан екі жеке үйдің таксистері мен тұрғындары болды. Ер адамдар азаматтарды қаладан облысқа және кері қарай тасымалдау схемасын жасады.

“Ол қалай әрекет етті? Такси жүргізушілерінің бірі шартты түрде қаладан клиент алып, оны Алатау ауданындағы Теректі ықшамауданында орналасқан жеке үйге алып барады. Клиент одан әрі жаяу жүріп, ауладан өтеді, содан кейін жалпы қақпадан Алматы облысының Қарасай ауданы, Көксай ауылында орналасқан тағы бір жеке ғимараттың ауласына кіреді.
Жолаушыны қақпаның ар жағында тағы бір такси жүргізушісі күтіп тұрды және ол клиентті діттеген жеріне жеткізді. Мысалы, жүргізушілердің қызметі Талғарға, 8 мың теңгеден жоғары. Ал екі көршінің өз арасында келісімі бар. Бір адамның бір бағытта өтуі үшін олардың әрқайсысы 3 мың теңгеден алып отырған”, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Өткен түнде “транзиттік бизнестің” барлық қатысушылары ұсталды. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне заңға сәйкес шаралар міндетті түрде қабылданғаннан кейін құқықтық баға беріледі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Такси жүргізушілері карантинге жабылған Алматыдан адамдарды шығарған