RU

Павлодар облысы 13 сәуірден бастап карантинге жабылады

Павлодар облысы карантинге жабылады. Өңірдің бас санитарлық дәрігері шығарған қаулы 13 сәуірден сағат 00:00-ден бастап күшіне енбек. Карантин енгізілген соң, қалалар мен ауылдарда блок-бекеттер орнатылып, елді мекендердегі бірқатар жеке мекемелердің қызметі тоқтатылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: UGC

Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысында, карантин бірінші кезекте адамдардың елді мекен ішінде еркін жүріп-тұруына шектеу қоятыны ескертілген.

Өңір тұрғындары үйінен тек азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға ғана шыға алады. Алайда, қаулыда қандай қашықтыққа рұқсат етілгені жазылаған. Кәметелттік жасқа толмағандар мен жасы 65-тен асып кеткен азаматтардың далаға жалғыз шығуына тыйым салынады. Олардың қасында міндетті түрде бір адам болуы шарт.

Жұмысын жалғастырып жатқан тұрғындар елді мекен ішінде жүруге рұқсат беретін анықтаманы алу керек. Жеке көлікке де құжат қажет. Бұл рұқсаттама қағазы ақша айырбастау нүктелері, көлік жөндеу орталықтары, спорт кешендері, сауна мен моншалар, көлік жуу орталықтарына қатысты емес. Себебі, аталған мекемелердің барлығы карантин уақытына жұмысын тоқтатып, міндетті түрде жабылатын болады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа, техника мен жаңармай бекеттеріне қажетті құрал-саймандар сататын орталықтарға ғана рұқсат берілді.

Қоғамдық көліктердің де жұмысы тоқтатылмақ. Павлодар қаласының әкімдігінде қозғалыс шектетілетінін хабарлады. Ал әуежай мен теміржол вокзалдары жабылады. Екінші деңгейлі банкттер қызметіне шектеу енгізілетін болады. Алайда, зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға рұқсат берілді.

Санитарлық дәрігердің құжатында сауда орындары мен дәріханаларда маскалық режим қатаң сақталыну тиіс екенін жазылған. Жұмысын жалғастыратын орындар таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейін ғана ашық болады.

Сонымен қатар, Қазақстанның бұған дейін карантинге жабылған қалаларында көшелер мен подъездердің үздіксіз дезинфекциясы жүргізіледі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850271-pavlodar-oblysy-13-suirden-bastap-karantinge-zabylady.html