Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордалық дәрігерлер қонақ үйге орналастырылып, үш мезгіл тамақпен қамтылды

Опубликовано:

Қызылордалық кәсіпкер коронавируспен күреске жұмылдырылған дәрігерлерді өз қонақүйіне орналастырды. Осылайша, ол бүгінгі күннің батырларына деген құрметін көрсетті. Қонақүйде медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Күнделікті үш мезгіл тамақтары беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады. 

Фото: Қызылорда әкімдігі
Фото: Қызылорда әкімдігі: Instagram
"Індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге және орта, кіші буын қызметкерлерінің барлығына қолайлы жағдай жасалған. Індетпен күресуге атсалысып жатқан медицина мамандарының барлығы ыстық тамақпен, жатын орынмен, қажетті жеке бас гигиенасы заттарымен және қорғаныш құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Жұмыстан кейін олар үйлеріне қайтпай, арнайы медициналық көлікпен қонақ үйге барып тұрақтайды" ,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Жалпы қонақүйде коронавируспен күресіп жүрген 100-ден астам қызметкер демалады.  Оларға көпбейінді облыстық аурухананың 7 маманы қызмет көрсетеді. Тазалық, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізумен қатар, індетпен күресушілердің дене қызуын өлшеп, медициналық тексерістен өткізеді.

Фото: Қызылорда әкімдігі
Фото: Қызылорда әкімдігі: Instagram

Бұдан бөлек, аймақта «СОVID-19 вирусымен күресіп жүрген медицина қызметкерлерін қаржылай қолдау мақсатында комиссия құрылып, алғашқы отырысын өткізді. Қорытындысында, тәуекел топтары бойынша үстемақы алатындардың тізімі нақтыланды. 

I тәуекел тобына 850 мың теңгеден, барлығы  35 адамға 5,7 млн теңге қарастырылған. II тәуекел тобына 425 мың теңгеден жалпы саны 161 адамға, 20,5 млн теңге. Ш тәуекел тобына 212,5 мың теңгеден, барлығы – 179 адамға 7,9 млн теңге бөлінген. Қаржы дәрігерлердің есепшотына жақын күндері аударылуы тиіс.

Фото: Қызылорда әкімдігі
Фото: Қызылорда әкімдігі: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850274-kyzylordalyk-drigerler-konak-jge-ornalastyrylyp-s-mezgil-tamakpen-kamtyldy/

pixel