Выйти
RU

Тоқаевтың кеңесшісі ТЖ режимі мен карантиннің ұзартылуын түсіндірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайберегнов еліміздегі ТЖ режимінің ұзартылуына қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстандағы ТЖ мен карантиннің ұзартылуы жайлы жазба маманның Facebook парақшасында жарияланған. Құдайбергенов бұл мәселеге қатысты бірқатар маңызды түсініктеме берді.

  • "ТЖ режимі мен карантин режимін ажырата білу керек. Тж режимі карантиннің мәндеттерін іске асырмайды. Ол көбіне мемлекеттік органдардың жұмыс тәртібінің өзгеруі мен жедел қимылдау үшін жағдай жасауға бағытталып, толығымен мемлекет аумағына енгізіледі. ТЖ режимі 30 күнге жарияланып, кейін де ең көп дегенде тағы 30 күнге ұзартылады. Әзірге "сәуір соңына" дейін деп белгіленді. Алайда, одан кейін де ұзартса ештене етпейді. ТЖ режимінің ұзартылуы екінші айда да 42 500 теңге төленетінін білдіреді. Өтінімді қайтадан жіберудің қажеті жоқ.
  • Карантин режимі жекелеген қалаларға ғана енгізіледі. Оның мерзіміне шектеу жоқ. Карантин үш күнге де, 30 күнге де ұзартыла алады. Барлығы жағдайға байланысты. Ең бастысы, карантин тек ТЖ режимі аясында ғана енгізіледі.
  • Карантиннің сәуір соңына дейін ұзартылуына қарамастан, жағдайы тұрақталып келе жатқан қалаларда карантин талаптарын әлсіретуге дайындалып жатыр. Келесі аптада мән-жайды білетін боламыз" , - деп жазды Құдайбергенов.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 10 сәуір күні еліміздегі Төтенше жағдайды сәуір соңына дейін ұзартылатынын хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаевтың кеңесшісі ТЖ режимі мен карантиннің ұзартылуын түсіндірді