Выйти
RU

Қазақстанда көлік жүргізушілерінің қағаз рұқсаттамалары өз күшін жояды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда 15 сәуірден бастап көліктік бақылау бекеттерінде қағазбен берілген рұқсаттарды тексеруді алып тастайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: gov.kz

Фото: gov.kz

Қажетті құжаттарды тексеру саласындағы жаңашылдық туралы ИИДМ көлік комитетінің баспасөз қызметі өзінің ресми сайтында хабарлады.

15 сәуірден бастап қағаз рұқсаттамалар өз күшін жойып, оның орнына тексеру Көлік комитетінің көліктік деректер базасының ақпараттық-талдау жүйесінің көмегімен жүзеге асырылатын болады.

Тасымалдаушылардан өзімен бірге қағаздағы рұқсат беру құжаттарының болуы талап етілмейді. Осы рұқсаттарды беруге мақұлданған өтінім және қолданыстағы заңнамаға сәйкес электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте рұқсат беру үшін мемлекеттік орган қабылдаған мемлекеттік баж (қажет болған жағдайда) болса жеткілікті.

Мұндай рұқсаттардың тізіміне енген құжаттар:

- ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат;

- 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат;

- автокөлік құралына рұқсат карточкалары;

- халықаралық жүк тасымалдауға рұқсат беру куәлігі.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус пандемиясы салдарынан орын алған жағдайға байланысты ТЖ режимі мен каратин ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда көлік жүргізушілерінің қағаз рұқсаттамалары өз күшін жояды