Выйти
RU

897 науқас: Коронавирус жұқтырған тағы 17 адам анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны арта түсті. Еліміздің бірнеше өңірінде қауіпті індетті жұқтырудың 17 оқиғасы тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Chung Sung-Jun/Getty Images

Көрнекі фото: Chung Sung-Jun/Getty Images

Қазақстан республикасы аумағында коронавирус жұқтырғандардың саны 897 адамға жетті.

Қауіпті инфекцияны жұқтырған жаңа науқастар еліміздің үш өңірінен анықталған.

Ақмола облысында COVID-19 вирусын бірден он адам жұқтырса, Қарағанды облысында инфекцияның екі оқиғасы тіркелген. Оған қоса, Нұр-Сұлтан қаласынан қауіпті індетке бес адам шалдыққан.

Қазіргі таңда, коронавирус жұқтыру бойынша Нұр-Сұлтан көш бастап тұр. Елордада 238 науқас тіркелді. Алматыда 145 адам қауіпті инфекциямен күресіп жатыр. Үшінші орында келе жатқан Қызылорда облысында COVID-19 вирусын 116 азамат жұқтырып алған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Ақмола облысында коронавируске шалдыққандардың саны 71 адамға, ал Қарағанды облысында 65 адамға көбейе түскен.

Қауіпті індет Қазақстанда он адамның өмірін қыршынынан қиды. Пандемияны еңсеріп шыққан азаматтар да бар. Бүгінгі күні індетті 71 адам жеңді.

Бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы көш басында тұр. Оңтүстік астанада қауіпті вирустан 37 тұрғын емделген.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда ауыр халде болған екі науқастың жағдайы жақсара бастағанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
897 науқас: Коронавирус жұқтырған тағы 17 адам анықталды