Выйти
RU

Әлемдегі ең үлкен ұшақ Алматы әуежайына қонды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы халықаралық әуежайына әлем бойынша ең үлкен әуе кемесі саналатын Ан-225 «Мрия» ұшағы қонды. Бұл туралы әуежайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ. Фото: Алматы халықаралық әуежайы мен видеодан кадр facebook.com/Mustafanayyem

Коллаж: NUR.KZ. Фото: Алматы халықаралық әуежайы мен видеодан кадр facebook.com/Mustafanayyem

Алматы әуежайының Facebook желісіндегі ресми парақшасында атауы украин тілінен аударғанда арманды білдіретін әуе кемесі қонып, оны сәтті күтіп алғанын хабарлаған. Сонымен қатар, оңтүстік астананың халықаралық әуежайының баспасөз қызметі ірі ұшақтың суреттерін жариялады.

Укроборонпромның бас директоры Мустафа Найем өзінің Fаcebook парақшасында "Мрияның" қайда жол тартқанын хабарлаған болатын. Оның сөзінше, әуе кемесі Тяньцзиньге ұшып барады. Алайда, ұшақ алдымен Алматыға жаңармай құйып, экипаж демалуы үшін қонады.

Тяньцзиннен Ан-225 Варшаваға бағыт алу керек. Әлемдегі ең үлкен ұшақ Польшаға коронавируспен күресте аса қажетті медициналық құрылғылар мен қорғаныс заттарын жеткізбек.

Сонымен қатар, Найем өзіінң парақшасында "Мрияның" ұшып бара жатқан сәтінен видеомен бөлісті. Оның айтуынша, әуе кемесі 18 ай бойы ұшпай тұрып қалған.

Еске сала кетейік, Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларының карантинге жабылуына қарамастан, онда өзге елден эвакуацияланған қазақстандықтарды алып келген және гуманитарлық жүктерге толы ұшақтар қонып жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Мәселен, үшінші сәуір күні елордалық әуежайға бірден төрт әуе кемесі келіп ұшып келді.

4 сәуір күні оңтүстік астана әуежайына Кореядан ұшып келген ұшақ қонды. Оның бортында біздің отандастарымыз болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемдегі ең үлкен ұшақ Алматы әуежайына қонды (фото)