Выйти
RU

Дәурен Абаев: ТЖ режимі – журналистердің құқығын шектеуге сылтау бола алмайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

11 сәуір күні Атырау облысында КТК журналистерінің ұсталғаны белгілі болды. Бұл тұрғыда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.

Дәурен Абаев. Фото: primeminister.kz

Дәурен Абаев. Фото: primeminister.kz

Өңір әкімдігі журналистер карантин режимін бұзғанын мәлімдеген.

"Елде қазіргі уақытта төтенше жағдай енгізілгенін, қатаң карантиндік шаралар қабылданғанын түсінеміз. Бәрі де қызметте. Алайда жергілікті билікті баспасөз жұмысына түсіністікпен қарауға шақырамын.

Біздегі ақпарат бойынша журналистер карантиндік шектеулерді әдейі бұзбаған. Төтенше жағдай - журналистердің құқығын шектеуге сылтау бола алмайды.

Журналистер қазір қауырт жұмыста, дұрыс ақпарат алу құқығымызды іске асыра отырып, алдыңғы шепте жүр. Ол туралы ұмытпайық" , - деді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшысы Дәурен Абаев Елбасының денсаулығына қатысты қауесетке пікір білдірген болатын. Министр "Хабар" арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасының қонағы болып, сұхбат барысында Елбасының денсаулығына қатысты тараған сыбыстарға да жауап қатты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дәурен Абаев: ТЖ режимі – журналистердің құқығын шектеуге сылтау бола алмайды