RU

Қазақстанда коронавирустан жазылғандардың саны 86 адамға жетті

Бүгін, 12 сәуірде Қазақстанда коронавирус инфекциясын еңсеріп шыққан азаматтардың саны артты. Елімізде COVID-19 вирусынан тағы бес адам емделіп шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Коронавирус инфекциясынан емделіп шыққан үш адам Нұр-Сұлтан қаласында, тағы екі азамат Атырау облысында тіркелген.

Нәтижесінде елімізде қауіпті індетті жеңіп шыққандардың саны 86 адамға жетті. Алматы мен Нұр-Сұлтанда COVID-19 вирусынан жазылып кеткендердің саны теңесті. Қос қалада 37 адамнан болды.

Шымкент пен Атырау облысында екі адамнан емделіп шықса, Жамбыл облысында инфекцияны үш адам жеңген.

Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бір адамнан жазылып шықты.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда қазіргі таңда коронавирус жұқтырудың 897 оқиғасы тіркелген.

COVID-19 жұқтыру бойынша Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр. Елордада 238 науқас тіркелді. Алматыда 145 адам қауіпті инфекциямен күресіп жатыр. Үшінші орында келе жатқан Қызылорда облысында COVID-19 вирусын 116 азамат жұқтырып алған.

Ақмола облысында коронавируске шалдыққандардың саны 71 адамға, ал Қарағанды облысында 65 адамға көбейе түскен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850310-kazakstanda-koronavirustan-zazylgandardy-sany-86-adamga-zetti.html