Выйти
RU

Арнайы жасақ сарбазы блок-бекетте жүргізушіден темекіге ақша сұрағаны үшін жазаланбақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде Павлодар облысындағы блок-бекеттердің бірінде түсірілген бейнежазба тарап кетті. Видеода жедел әрекет ету арнайы жасақ сарбазының жүргізушіден темекіге ақша сұрағаны түсіп қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Аталмыш видео t.me/jexenews Telegram-каналында жарияланған. Арнайы жасақ қызметкері бой көрсеткен бейнежазбаны құқыққорғау органдары зерттеп шықты.

Видеодан формадағы азаматтың жүк көлігіне қарай келе жатқанын көруге болады. Ол жүргізушімен сөйлесу барысында одан темекіге "аянбай" ақша тастап кетуін сұрайды.

Екеуінің арасындағы диалогтың арқасында жүк тасығыш көліктің Германиядан Семейге бара жатқанын аңғаруға болады.

Бұл бейнежазбаға қатысты өңірлік полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді. Олар видеоға түсіп қалған жағдай Шідерті ауылының маңындағы №4 блок-бекетте орын алғанын растады. Павлодар облысы ПД ҚҚБ-ға ішкі тергеу жұмыстарын жүргізу тапсырылған.

Бұл тапсырма өңірлік полиция басшысы Нұрлан Мәсімовтен арнайы келіп түскен.

Ол бейнежазбадағы "батыр" шынымен жедел әрекет ету арнайы жасақ сарбазы екенін атап өтті. Полиция басшысы жүргізушіден ақша сұраған азамат міндетті түрде жұмыстан қуылатынын мәлімдеді. Одан бөлек, ол "Сұраншақтық" бабы бойынша жауапкершілікке тартылмақ.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Сонымен қатар, бұл жайт видеоға қатысқан сарбаз командирінің де мансабына кері әсер тигізуі мүмкін. Мәсімов оның лауазымына қатысты мәселе көтерілетінін жеткізді. Павлодарлық полиция басшысы қызметке кадр қабылдауда кәсіби емес әрекет танытқан командир жауап беретінін алға тартты.

Мәсімовтың сөзінше, мұндай қызметкерлер Қазақстан полициясының беделіне нұсқан келтіріп, ұятқа қалдырады.

"Мұндай қызметкерлер құқыққорғау органдарының қатарында болмау қажет" , - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысы 13 сәуірден бастап, карантинге жабылатынын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Арнайы жасақ сарбазы блок-бекетте жүргізушіден темекіге ақша сұрағаны үшін жазаланбақ