Выйти
RU

900-ден асты: Қазақстанда коронавирус жұқтырудың жаңа 14 оқиғасы тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан республикасының аумағында коронавирус індетін жұқтырған тағы 14 адам тiркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Twitter

Көрнекі фото: Twitter

Коронавирус инфекциясын Нұр-Сұлтан қаласында - 11 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Алматы облысында - 1 адам жұқтырған.

Мемлекет аумағы бойынша бүгінде COVID-19 вирусына 911 адам шалдықты.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 249 адамға жеткен. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш болып тұр. Екінші орында Алматы қаласы (145 адам), үшінші болып Қызылорда облысы (117 адам) тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде коронавирус инфекциясын жеңіп шыққандардың саны 86 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Алматы мен Нұр-Сұлтанда COVID-19 вирусынан жазылып кеткендердің саны теңесті. Қос қалада 37 адамнан болды.

Шымкент пен Атырау облысында екі адамнан емделіп шықса, Жамбыл облысында инфекцияны үш адам жеңген.

Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бір адамнан жазылып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
900-ден асты: Қазақстанда коронавирус жұқтырудың жаңа 14 оқиғасы тіркелді