Выйти
RU

Темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті: Дәрігер жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Блохин атындағы онкологиялық ғылыми орталықтың бөлім меңгерушісі Владимир Левшин мәлімдеме жасады. Дәрігер "шылым шегетіндер коронавирус инфекциясын сирек жұқтырады" деген ақпараттың қисынсыз екенін жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

РИА Новости дерегінше, Левшин темекі коронавирус індеттен қорғайды деген ақпаратқа сенуге болмайтынын айтқан.

Оның сөзінше, ғалымдар COVID-19 туралы әлі  толыққанды ақпарат жинап үлгерген жоқ. Алайда қазірдің өзінде бұл вирус көп жыл шылым шегетіндер үшін аса қауіпті екені белгілі болды.

"Темекі коронавирус дертінен құтқармайды, керісінше науқастың жағдайы нашарлайды. Алты-жеті жыл шылым шегетін кез келген адамның созылмалы бронхиті болады. Ал вирус жұқтырған жағдайда мұндай дерттің пневмонияға айналу мүмкіндігі бірнеше есе жоғарылайды", - деп түсіндірді дәрігер.

Левшин бұндай жалған ақпаратты темекіге тәуелді адамдар әдейі таратанынын жеткізді.

"Жаман әдеттен арыла алмай жүргендер адамдар бар. Өздері шылымды тастай алмайды. Сонысымен қоймай медициналық көмекке де жүгінгісі келмейді. Олар бұл мүмкін емес деп есептегендіктен, өмір бойына темекіге тәуелді болады. Ал өздерін ақтап алу үшін осындай "фейк" дүниелерді ойлап табады", - деді Блохин атындағы онкологиялық ғылыми орталықтың бөлім меңгерушісі.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Еске сала кетсек, елімізде коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 927-ге жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті: Дәрігер жауап берді