Выйти
RU

Павлодар қаласының кіреберіс жолдарында блок-бекеттер жұмысын бастады (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодар қаласының кіреберісіндегі бақылау-өткізу бекеттері өз жұмысын бастап кетті. Аталған нысанның дайындығын облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов тексерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақтағы барлығы 9 бақылау-өткізу бекеті өз жұмыстарын түнгі сағат 00:00-де бастап кеткен.

Павлодар қаласында бес, Ақсу мен Екібастұз қалаларында екі-екіден нысандар қойылған.

Одан бөлек, барлық аудандарда мобильді бекеттер қызмет етпек. Сол арқылы ішкі көші-қонды азайту жоспарда бар.

Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Фото: Павлодар облысының әкімдігі

12 сәуірде өңір басшысы облыс орталығына кіреберіс Ленин кенті мен Павлодарское ауылының маңыңда қойылған бақылау-өткізу бекеттерінде болған.

"Әкім бекеттердің техникалық жабдықталуы мен қызметке дайындығын қадағалады. Полиция қызметкерлері "жасыл жол" бойынша өтетін кәсіпорындар мен көлік тізімін тікелей қарау мүмкіндігі бар планшеттермен жабдықталған", - деп хабардар етті әкімдіктен.
Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Сқақов көліктерді өткізу жұмысының тез әрі тиімді болуын талап еткен.

Сонымен қатар, облыс әкімі барлық бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысын үйлестіруді тапсырған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысы 13 сәуірден бастап карантинге жабылатынын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодар қаласының кіреберіс жолдарында блок-бекеттер жұмысын бастады (фото)