Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапон ғалымдары коронавирустың таралуына қарсы дәріні тапты

Опубликовано:

Исехареде Токай университетіндегі жапон ғалымдары нельфирнавир антиретровирустық препараты SARS-CoV-2 коронавирусының таралуын тоқтата алатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ RBC порталына сілтеме жасап.

Жапондық ғалымдар коронавирустың таралуына қарсы дәріні тапты
Фото: pixabay.com: UGC

Нелфинавир басқа да антиретровирустық препараттармен қоса адамның имун тапшылығы вирусына қарсы қолданылады. Жапон зерттеушілері осындай 9 препаратты зерттеп, нелфинавир тіпті аз мөлшер қолданған кезде де коронавирустың таралуын тоқтататынын байқаған.

Ғалымдар бұл дәріні коронавирусқа қарсы тиімді дәрілер тізіміне қосуды ұсынды. Алайда олар COVID-19 инфекциясын емдейтін тексерілген дәрі әлі табылмағанын да айта кетті. Сондықтан да вирусқа қарсы тиімді препараттарды тексерістен өткізу қажет.

Бұған дейін австралиялық Монаша университеті мен Мельбурндегі Корольдік аурухана ғалымдары жасушадағы SARS-CoV-2 вирусын 48 сағат ішінде 99% жоятын препарат ойлап тапқан болатын.

Бұл антипаразиттік дәрімек – ивермектин. Зерттеушілердің ойынша, оны қолдану қазірдің өзінде ауыр асқынулар мен коронавирустың таралуын алдын алатын еді.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздегі биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеуге кіріскенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850362-zapondyk-galymdar-koronavirusty-taraluyna-karsy-drini-tapty/

pixel