RU

13 сәуірдегі жағдай: Коронавирус жұқтырған тағы 10 адам тіркелді

Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам анықталды. Олар еліміздің әр өңірінен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Қазақстандағы коронавирус бойынша 13 сәуір 09.00-дегі эпидемиологиялық жағдай:

Коронавирус табылған 10 адамның біреуі Қызылорда облысында, екеуі Нұр-Сұлтан қаласында, жетеуі Алматы қаласында тіркелген.

Осы сағатта:

Нұр-Сұлтан қаласы – 253

Алматы қаласы – 172

Шымкент қаласы – 38

Ақмола облысы – 71

Ақтөбе облысы – 11

Алматы облысы – 21

Атырау облысы – 59

Шығыс Қазақстан облысы – 6

Жамбыл облысы – 46

Батыс Қазақстан облысы – 9

Қарағанды облысы – 65

Қостанай облысы – 3

Қызылорда облысы – 119

Маңғыстау облысы – 10

Павлодар облысы – 10

Солтүстік Қазақстан облысы – 25

Түркістан облысы – 43

Қазақстан бойынша барлығы 961 адам.

Олардың 99-ы жазылып шықса, 10 адам COVID-19 инфекциясынан қайтыс болды.

Өлім жағдайлары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарында тіркеліп отыр.

Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, Жер бетінде коронавирустан көз жұмғандар саны 106 мыңнан асқан.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми ақпаратына сәйкес, соңғы тәулікте COVID-19-дан 6 946 адам қайтыс болып, ауру жұқтырудың 90 787 жаңа фактісі анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850367-13-suirdegi-zagdaj-koronavirus-zktyrgan-tagy-10-adam-tirkeldi.html