RU

Молдағасымова вирус жұқтырған алматылық ақ халаттылар жайлы: Бір себеп - қауіпсіздік шарасын сақтамаған

Өткен демалыс күндері Алматы қаласында 27 дәрігер коронавирус жұқтырған. Медициналық мекемеде ауру жұқтыру фактісі анықталған соң, мегаполистің Орталық ауруханасында қабылдау бөлмесі мен бөлімдердің бірі карантинге жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Қауіпсіздік шараларын сақтамайды: Молдағасымова Алматыдағы коронавирус жұқтырған дәрігерлер жайлы айтты
Фото: pixabay.com: UGC

Оңтүстік астананың бас санитары Айзат Молдағасымова мұндай жағдайдың қалай орын алғанына тоқталды.

Оның айтуынша, ақ халаттылар қауіпсіздік ережелерін бұзған болуы мүмкін. Ауруханада дәрігерлердің жаппай ауру жұқтырғаны белгілі болған соң, вирус анықталған медицина қызметкерлерімен жақын байланыста болған 200-ге тарта пациентті оқшаулауға тура келген.

"Себептердің бірі медициналық қызметкерлердің өздерінің барлық қауіпсіздік шараларын сақтамауы болып табылады. (...) Мүмкін ол жерді инфекциялық емес аурухана деп ойлаған шығар. Мүмкін олардың саны аз ғой деп үміттенген болар", – деді Айзат Молдағасымова.

Маманның сөзінше, Алматыда қорғаныс құралдары жеткілікті. Аурухана басшысы дәрігерлерді барлық қажетті құралмен, маскалар мен арнайы киіммен қамтамасыз ету керек болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін 11 сәуір күні Алматыда COVID-19 анықталған 14 адамның 12-сі медицина қызметкерлері екенін жазған едік. Жексенбі күні бұл сан тағы 15-ке өскен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850381-moldagasymova-almatydagy-koronavirus-zktyrgan-ak-halattylar-zajly-kauipsizdik-sarasyn-saktamagan.html