Выйти
RU

Әзербайжан математигі электронды бетперде жасап шығарды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өнертапқыш Түрікел Сулейманлы көпке жарайтын әрі қорғанысы мықты бетперде ойлап тапты. Қазір елде коронавирустан қорғайтын респиратор мен маскалар тапшы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Әзербайжан математигі электронды бетперде жасап шығарды

Видеодан кадр: Хабар 24

Жоба жетекшісі Түргел Сүлейманлының сөзінше, бұл электронды негізде жасалған әлемдегі алғашқы бетперде.

"Қазір қолданылып жүргендердің барлығы вирустарға қарсы емес, өндіріс орындары мен ауадағы шаңнан қорғауға арналған. Ал менің өнімім, ең алдымен, вирусты жоюға бағытталған. Ішінде арнайы чип пен батареясы бар", - дейді өнертапқыш.

Жоба авторлары мемлекеттік құрылымдарға арыз беріп, өнімін патенттеп алмақшы. Егер қолдау тапса, өндірісін қолға алмақ. 

"Қазір өндірістік нұсқасын дайындап жатырмыз. Ол пластмассадан жасалады, өйткені қолданғаннан кейін дезинфекциялауы оңай. Көпке жарайды, маусым бойы пайдалануға болады. Оның ерекшелігі коронавирустан бөлек адам ағзасындғы өзге де зиянды вирустар мен бактерияларға қарсы тұра алады", - дейді Тургел Сулейманлы. 

Өнертапқыштар микробиология және жұқпалы аурулар саласындағы мамандармен кеңесіп, маскаға арналған бағдарламаны да дайындаған.  

"Қазір ол чиппен жұмыс істейді. Келешекте оны кішірейтуді көздеп отырмыз. Бетперде үшін арнайы бағдарлама жаздық", - дейді жоба әзірлеушісі Субхан Шихмурадов.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Масканы бес сағат бойы пайдалануға болады. Оны телефонға арналған адаптер не пауэрбанктпен қуаттандыруға болады. Ал жаңа құралдың бағасы 20-30 доллар төңірегінде болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін ирандық әйелдердің қорғаныш бетпердесі жайлы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әзербайжан математигі электронды бетперде жасап шығарды (видео)