Выйти
RU

Комаровский адамның коронавирустан жазылып шыққанын анықтау тәсілін атады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал дәрігер әрі тележүргізуші Евгений Комаровский адамның коронавирусты жұқтырып, одан жазылып шыққанын қалай анықтау керектігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ riafan.ru-ге сілтеме жасап.

комаровский айтты да

Фото: twitter.com/trend_rus

"Сараптамалардың көмегімен антиденелердің екі түрін анықтауға болады: иммуноглобулин М тек сіздің ауырып қалғаныңызды көрсетеді, ал иммуноглобулин G қанда толық жетілген антиденелердің барын білдіреді.
Егер сізде жоғары концентрациядағы жетілген антиденелер байқалса және иммуноглобулин М жоғалса, бұл коронавирусты жұқтырып, сауыққаныңыздан хабар береді", — деп түсіндірді дәрігер.

Комаровскийтің айтуынша, адам өзі білмей коронавирус жұқтырып алып, одан сауығып кетсе, бұл бейжай жүре беруіне болады деген сөз емес.

Себебі COVID-19-бен ауырып, жазылған адам қайтадан инфекция жұқтыруы мүмкін, сонымен қатар басқаларға да зиянын тигізуі ықтимал.

Комаровский коронавируспен ауырып, жазылған жағдайда да қолды мұқият жууға және өзгелермен байланыс жасауды шектеуге шақырды.

Айта кетейік, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми ақпаратына сәйкес, әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 106 мыңнан асты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Комаровский адамның коронавирустан жазылып шыққанын анықтау тәсілін атады