RU

Қазақстанда коронавирустан он бірінші адам қайтыс болды

Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан қайтыс болған он бірінші адам тіркелді. Қайғылы жағдай Шығыс Қазақстан облысында орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

coronavirus2020_kz ресми сайтының мәліметінше, көз жұмған науқас 1979 жылы дүниеге келген.

Қазірде Нұр-Сұлтан қаласында бір, Алматы қаласында екі, Шымкент қаласында бір, Ақмола облысында үш, Шығыс Қазақстан облысында бір, Қарағанды облысында бір, Павлодар облысында бір, Түркістан облысы бір, барылғы 11 қайғылы жағдай.

Сонымен қатар бүгін Қазақстанда тағы 11 адам коронавирус табылды. Олардың барлығы Қарағанды облысынан анықталып отыр. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы жұқтырғандар саны 972-ге жетті. Ал жазылып шыққандар әзірге 99 адам.

Айта кетейік, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми ақпаратына сәйкес, әлем бойынша коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны 106 мыңнан асты.

Соңғы тәулік ішінде әлемде 6 946 жаңа өлім мен ауру жұқтырудың 90 787 жаңа фактісі тіркелген.

Сондай-ақ, Қытайда бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 108 дерегі тіркеліп отыр.

Олардың 98-і сырттан келген, ал қалған 10-ы жергілікті (Хэйлунцхһзян провинциясында - жеті, Гуандун оңтүстік провинциясында -үш) тұрғындар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850406-kazakstanda-koronavirustan-11-adam-kajtys-boldy.html