Выйти
RU

Еліміздің бас санитар дәрігері карантин кезінде кейбір балаларға далаға шығуға рұқсат берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова аутизмге шалдыққан балалар карантин кезінде бір немесе екі адаммен бірге далаға шыға алатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Агенттіктің мәліметінше, Autism Kazakhstan қауымдастығы еліміздің бас санитары Айжан Есмағамбетоваға жүгінген.

Олар дамуында ерекшеліктері бар балаларға үйде отыру қиынға соғатынын, енгізілген режимге байланысты дамуында елеулі өзгерістер байқалғанын жазған.

Бұған қатысты бас санитар өз жауабын берген.

"Аутизмге шалдыққан балалардың даму ерекшелігін ескере отырып, олардың көшеге шығуына рұқсат беруге болады деп санаймын", – деді Есмағамбетова.

Оның сөзінше, бұл ретте бірнеше шарттар орындалуы тиіс.

  • жанында екі адам ғана ілесіп жүруі керек;
  • басқа адамдармен байланысқа түсуіне болмайды;
  • адам жоқ жерде жүруі керек;
  • баланы ертіп жүрген азаматтың қолында оның диагнозын растайтын құжаты болуы тиіс;
  • жеке қорғану құралдарын, антисептиктерді және т.б. пайдалануы қажет.

Ал көшеге жеке автокөлікпен шығуға рұқсат жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова көшеде маска тағып жүру міндетті ме деген сұраққа жауап берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еліміздің бас санитар дәрігері карантин кезінде кейбір балаларға далаға шығуға рұқсат берді