Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ: Карантинды тоқтату індеттің қайта өршуіне әкелуі әбден мүмкін

Опубликовано:

Әлемді жайлаған COVID-19 инфекциясынан қорғанудың тиімді жолы әзірге оқшаулану болып тұр. Карантинді тоқтату қауіпті індеттің қайта өршуіне әкелуі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

ДДСҰ: Карантинді күні бұрын тоқтату өте қауіпті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары карантинді күні бұрын тоқтату өте қауіпті дейді.

Ұйым басшысы Тедрос Гебрейесустың айтуынша, Еуропада індеттің таралу көрсеткіші төмендей бастағанымен, босаңсуға әлі де ерте.

"Испания, Италия, Германия және Франция секілді індеттен ең көп зардап шеккен елдерде вирустың таралу қарқыны бәсеңдегені байқалды. Осыған байланысты кейбір елдер карантинді алып тастау жағын қарастырыпты. Біз де қандай да бір шектеудің болғанын қаламаймыз.
Алайда уақытынан бұрын карантинды тоқтату індеттің қайта өршуіне әкелуі әбден мүмкін. Қауіптен сақтану жағы да әлсірейді. Бірде-бір мемлекет өзінің денсаулық сақтау жүйесі мықты деп айта алмайды", - дейді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, әлем бойынша коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны 106 мыңнан асқан.

Соңғы тәулік ішінде әлемде 6 946 жаңа өлім мен ауру жұқтырудың 90 787 жаңа фактісі тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850420-dds-karantindy-toktatu-indetti-kajta-rsuine-kelui-bden-mmkin/

pixel