Выйти
RU

Ресейлік белгілі тележүргізуші коронавирустан қорғанудың жолын тапты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, тележүргізуші Елена Малышева туберкулезға қарсы вакцина (БЦЖ) COVID-19 індетінен сақтану үшін иммундық қорғануды жоғарылатады деген болжам жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Малышева коронавирустан қорғанудың жолын тапты

Фото: Евгений Степанов / Интерпресс / ТАСС

Тележүргізуші авторлары туберкулез қарсы вакцинация жасалған елдер мен вакцинация жасалмаған елдердердегі коронавирустан өлім-жітім санын сараптаған зерттеуден мысал келтірді. Дәрігер коронавирус індеті кеңінен жайлаған АҚШ, Италия сынды елдерде БЦЖ жоқ екенін айтты.

"Бразилияда туберкулезға қарсы вакцинация 1920 жылы басталған. Ондағы тұрғындардың барлығына вакцина салынған. Коронавирустан өлім көрсеткіші елде жүз есе төмен. Бұл ғажап! – деді Малышева.

Дәрігер COVID-19 инфекциясынан өлім-жітім деңгейінің мейлінше төмендеуіне Ресейдегі БЦЖ вакцинациясының жоғары дәрежесі себеп болады деп үмінтенеді.

"Менің ойымша, маңызды орын алатын факторлардың бірі. Ресейде туберкулезға қарсы вакцинация енгізілген. Бұл балалардың 95 пайызына қорған болады",– деп түсіндірді иммунолог дәрігер Андрей Продеус.

Иммунолог туберкулезға қарсы вакцина адамның туа біткен иммунитетіне әсер етіп, инфекциядан қорғану кезінде оны күшті әрі тиімді ете түсетінін айтты. Одан бөлек, вакцина қатерлі ісіктерді емдеуге көмектеседі.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетсек, бұған дейін Елена Малышева адам өкпесінің коронавирусқа төтеп бере алатынын қарапайым үш тест арқылы анықтай алатынын айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейлік белгілі тележүргізуші коронавирустан қорғанудың жолын тапты