RU

Бір отбасыдан үш-төрт адам өтініш берсе, 42500 теңге барлығына беріле ме

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі әлеуметтік төлем тағайындалған уақытта бір отбасының неше адамынан өтініш түскені есепке алынбайтынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Бұл туралы Біржан Нұрымбетов онлайн брифинг барысында айтты.

"Біз адам санына қарамаймыз. Егер бір отбасынан үш-төрт адам төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылып қалып, өтініш берсе, бәріне бірдей төленеді. Ең бастысы, біздің талаптарға сай келсе болды", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге қатысты қазақстандықтарды қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап берген еді.

Оның алдында мемлекет басшысы Тоқаев төлем карталарын қашықтан алу мәселесін 3 күн ішінде шешуді талап етті.

Еске сала кетсек, қазақстандықтар 42 500 теңге алу үшін қайтыс болған жандардың атынан өтініш бергенін жазған болатынбыз.

Одан өзге, министр банк қарызы барлардың берешегін 42500 теңгеден ұстап қалуға құқығы жоқ екенін кесіп айтты.

сонымен қатар, Біржан Нұрымбетов онлайн брифингте 42 500 теңге алу үшін банктер арнайы есепшот ашуды талап ете алмайтынын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850430-bir-otbasydan-s-trt-adam-tinis-berse-42500-tege-barlygyna-berile-me.html