Выйти
RU

ШҚО-да коронавирустан көз жұмған әйел 41 жаста болған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 13 сәуір күні Қазақстанда коронавирустан он бірінші адамның көз жұмғаны белгілі болды. Қайғылы жағдай Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы марқұмға қатысты жаңа мәліметтер ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Басқарма мәліметінше, 1979 жылғы әйел 12 сәуірде жедел жәрдем қызметімен ауыр жағдайда провизорлық стационарға жеткізілген. Онда алгоритмге сәйкес CОVID-19 талдаулары алынып, нәтиже оң болып шыққан.

Нәтиже алынғаннан кейін науқас инфекциялық стационарға, қарқынды терапия палатасына ауыстырылған.

Пациентте СОVID-19-дан басқа екі жақты пневмония, сол жақты плеврит, 3 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі, уытты миокардит, жіті респираторлық дисстресс-синдром, ауыр алкогольдік улану анықталған.

Науқаспен реаниматолог бригадасы жұмыс істеген. Кейін өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды, реанимациялық іс-шаралар жүргізілді. Түнде екі рет жүрек қызметінің тоқтауы, сондай-ақ, екі рет реанимация сәтті өткен.

Алайда, жүрек қызметі қайтадан тоқтаған кезде, реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болып, биологиялық өлім тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ШҚО-да коронавирустан көз жұмған әйел 41 жаста болған