Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда 82 жастағы науқас коронавирустан емделіп шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 110-ға жетті. 13 сәуір күні дерттен емделіп шыққан 11 адамның алтауы Нұр-Сұлтан қаласында, үшеуі Атырау облысында, екеуі Қызылорда және Маңғыстау облысында тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Елордада аурудан жазылғандардың бірі 82 жастағы әйел.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, ол наурыз айында ауруханаға жатқызылған.

"22 наурызда КВИ жұқтырғаны расталып, көпбейінді медициналық орталықтың инфекциялық блогына түсті. Диагнозы: COVID-19. Ауырлық дәрежесі орташа екі жақты полисегментарлы пневмония. 1-дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы. 3-дәрежелі артериялық гипертензия, 3-тәуекел. Идиопатиялық подагра.
Жүргізілген кешенді емдеуден кейін 24 сағат аралығымен COVID-19-дан 2 рет зертханалық зерттеу жүргізілді. Нәтижелері теріс болды. Қазіргі уақытта шағымдар жоқ.
Қазақстандық дәрігерлер біздің ауыртпалығымызды сәтті еңсеруде. Біздің дәрігерлер COVID-19 халықаралық клиникалық хаттамаларына сәйкес жұмыс істейді",- деді Елжан Біртанов.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирустан он бірінші адам қайтыс болды. 1979 жылы туған ШҚО тұрғыны 12 сәуір күні жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда 82 жастағы науқас коронавирустан емделіп шықты