Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42500 теңгені екінші рет алу үшін не істеу керек

Опубликовано:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі төтенше жағдай режимінің мерзімі созылса төлем қалай жүзеге асатынын түсіндіріп берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл мәселеге Біржан Нұрымбетов онлайн брифинг барысында тоқталып өтті.

"Көпшілік "Төтенше жағдай созылды, екінші айға әлеуметтік төлем төлене ме және оған тағы өтініш береміз бе?" деп сұрауда. Жоқ. Сізге бір рет тағайындалып, төленсе болды. Екінші рет өтініш беру керек емес. Сіз тіркелдіңіз, төлем бердік. Сізді білеміз, танимыз. Төтенше жағдай мерзімі созылса, келесі айына сізге айтпастан төлей береміз", - деді министр.

Оның сөзінше, 16 наурыздан 15 сәуірге дейінгі аралықта 42 500 теңге әлеуметтік төлем жасалған.

Айта кетейік, карантин мерзімі тағы 15 күнге созылып отыр.

Министр осыған байланысты ел тұрғындары арасынан көптеген сұрақ түсіп жатқанын жасырған жоқ.

Сонымен қатар, Нұрымбетов әлеуметтік төлемнің ерекшелігі туралы да айтып берді.

"Бұл төлем ерекше. Бұны сол 29 сәуір күні өткізсеңіз де бір күнге, жарты айға деп бөлмейміз. Өтініш берсеңіз толығымен 42 500 теңге төленеді. Күніне саналмайды. Мысалы, төтенше жағдай бір ай болып одан кейін 5 күнге созылған күннің өзінде 42 500 теңге төлейтін едік", - деп түсіндірді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Еске сала кетсек, осыған дейін Біржан Нұрымбетов 42500 теңге неліктен кешіктіріліп жатқанын түсіндірген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850443-42500-tegeni-ekinsi-ret-alu-sin-ne-isteu-kerek/

pixel