Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да коронавирус жұқтырған медбике туралы мәлімет жарияланды

Опубликовано:

Белгілі болғандай, БҚО-да тіркелген және коронавирус жұқтырған тоғызыншы адам бақылау стационарында қызмет еткен медбике болып шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

БҚО-да медбике коронавирус жұқтырды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Анықталғандай, әйелдің жасы 49-да. Ол ауруханада медбике болып жұмыс істейді. Ол вирусты жұқтырып алу қаупі басым қызметкерлер қатарына жататындықтан, арнайы тексеріс жүргізілді.

Оның барысында коронавирусқа тапсырған талдау нәтижелері оң болып шыққан деп хабарлайды CORONAVIRUS2020.KZ. Қазіргі уақытта әйел жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр.

Медбикенің жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Онымен жіті байланыста болғандардың арасында жеті адам бар. Олардан Covid-19-қа сараптамалар алынды.

Алты адамда тест теріс нәтиже көрсетті. Ал біреуінің талдаулары әлі дайын болған жоқ. Олардың тұрғылықты мекенжайы бойынша залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Атап өтілгендей, медбика тұратын подъезд карантинге жабылады.

Билік өкілдері тұрғындардан бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұрады. Себебі бұл олардың және жақындарының денсаулығы үшін жасалуда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850447-bko-da-koronavirus-zktyrgan-medbike-turaly-mlimet-zarialandy/

pixel